Текст
21.12.2022
20 желтоқсан күні колледж кітапханасында студенттердің әскери комиссариат өкілдерімен кездесуі өтті. Бөлім бастығының орынбасары подполковник Боқанов Теміржан Мұхамеджанұлы мен әскерге шақыру жөніндегі инспектор Казиев Мирас Сайлаубекұлы «Шұғыл әскери қызмет» тақырыбында әңгіме өрбітті. Кездесу барысында балаларға әскери қызметке шақыру туралы айтылды. Студенттер жоғары оқу орындарына түсу кезінде әскери қызметтің беретін жеңілдіктері туралы сұрақтар қойды. Келісімшарт бойынша қызметті қалай жалғастыруға болады. қандай жауаптар алынды. Қамту 3 курстың 70 студенті болды. Кітапхана меңгерушісі Г.С. Атабаева