01.10.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және
кәсіптік білім департаменті (бұдан әрі – Департамент) Мәдениет және ақпарат
министрлігі жастарға арналған жасанды интеллект негізіндегі виртуалды
кеңесші чат-ботын әзірлегенін хабарлайды. Чат-бот Telegram және WhatsApp
мессенджерлерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді.
Виртуалды кеңесшінің мақсаты – жастарға мемлекеттік қолдау
шаралары туралы өзекті әрі түсінікті ақпаратты қолжетімді түрде ұсыну, өзара
іс-қимылды жетілдіру және сұрақтарға жедел жауап алу үшін заманауи
технологияларды пайдалану.
Чат-ботта жастарды мемлекеттік қолдауға бағытталған 17 мемлекеттік
бағдарлама (мемлекеттік гранттар, стипендиялар, әлеуметтік бағдарламалар,
жұмыспен қамту мүмкіндіктері, кәсіпкерлікті қолдау, психологиялық көмек
және т.б.) туралы ақпарат толық қамтылған.
