Текст
10.06.2022
12 маусым - Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні.
«Атбасар қаласы аграрлық-индустриалды колледжінде» 2 курс топтарында психологпен қарым-қатынас сағаты өтті. Кездесудің тақырыбы балалар еңбегін қанау мәселесі болды. Тыңдаушылар балалар еңбегін пайдаланудың қолданыстағы статистикасы мен себептерін талқылады. Біз Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғайтын заңнамалық базамен таныстық.
Педагог-психолог Фёдорова Т.В.