Текст
28.04.2022
Біліктілікті арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау аясында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Таlap» КЕАҚ бірлесіп педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлері үшін біліктіліктерін арттыру курстарын өткізіп келеді. Аталған курстар үш кезеңде өтеді. Қазіргі уақытта курстардың бірінші кезеңі аяқталды. Өз біліктіліктерін өндірістік оқыту шеберлері С.Х.Ибраев пен К.Е.Капанов арттырып келді.