Текст
23.05.2019
21 мамыр күні Державинск қаласында кәсіптік бағдарлау жұмысы өткізілді. Бұл жолы Н.К.Крупская атындағы, Н.Островский атындағы, А.Укубаев атындағы мектептерде болдық. Оқушылардың назарына презентация көрсетіліп, буклеттер таратылды. Сонымен қатар "Тамақтандыруды ұйымдастыру " мамандығы бойынша шеберлік сыныбы көрсетілді. Оқушылар сұрақтар қойып, оларға кеңейтілген жауаптар алды. Көптеген балалар колледжге қызығушылық танытты.