Ақмола облысы  білім басқармасының жанындағы"Атбасар ауданы,Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район" при управлении образования Акмолинской области


«    Қазан 2026    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Еркіндік пе, әлде дербестік пе?

30.09.2026

Психологиялық-педагогикалық қолдау аясында жатақханада тұратын 1-курс студенттерімен «Еркіндік пе, әлде дербестік пе?» тақырыбында бейімделу тренингі өткізілді.
Тренингтің мақсаты — бірінші курс студенттеріне оқу мен тұрудың жаңа жағдайларына әлеуметтік бейімделуде көмек көрсету. Студенттер бейімделу ұғымын, оның әлеуметтік ортаның ауысуына, өз бетінше шешім қабылдау және өз мінез-құлқы үшін жауапкершілік алу қажеттілігіне байланысты негізгі қиындықтарын талқылады.
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ал мен бара жатырмын…» сергіту жаттығуы, қатысушылар арасында байланыс орнатуға бағытталған «Біз ұқсаймыз, біз ерекшеленеміз» жаттығуы, сондай-ақ өзара әрекеттесу, бір-біріне көмектесу және топты біріктіру дағдыларын дамытуға ықпал ететін «Шатасу» жаттығуы өткізілді. «Өсек» («Бұзылған телефон») жаттығуы барысында студенттер ақпараттың адамнан адамға берілуі кезінде оның мазмұны қалай өзгеруі мүмкін екенін іс жүзінде көрді.
Тренинг достыққа толы, белсенді және сенімді атмосферада өтті. Студенттер қызығушылық танытып, ұсынылған жаттығуларға белсенді қатысты.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар дербестіктің тек таңдау еркіндігін ғана емес, сонымен қатар өз шешімдері, іс-әрекеттері және олардың салдары үшін жауапкершілікті де білдіретіні туралы қорытындыға келді. Іс-шара ұжымдық қол алысумен аяқталды, ол бірлікті, өзара құрметті және бір-бірін қолдауға дайын екендікті білдірді.
Фёдорова Т.В., педагог-психолог

 

Просмотров: 377


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст