Текст
16.09.2026
«Заң және тәртіп» бағыты аясында «Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК-да «Тыйым салынған заттар» тақырыбында профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.Студенттерге тыйым салынған заттарды сақтауға және колледж аумағына алып кіруге жол берілмейтіні, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылатыны ескертілді.Іс-шара білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапты мінез-құлық қалыптастыруға бағытталды.Профилактикалық бейнероликтерді көруге 1–2 курс студенттері қамтылды.

