11.09.2026
11 қыркүйекте жалпы білім беретін мектептер мен колледж директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, сондай-ақ этномедиаторларға арналған оқыту іс-шарасы өтті. Кездесуге 100-ге жуық адам қатысты.
Іс-шараны Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кенжебаев С.М. құттықтау сөзімен ашты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, Республикалық этномедиация кеңесінің мүшесі, сертификатталған этномедиатор Абжаков А.Т. «Ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылдағы әдеп және адалдық» тақырыбында баяндама жасады.
Жұмысты «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Токатов Р.А. жалғастырды. Педагогтердің ата-аналармен тиімді өзара іс-қимыл жасауына, әдеп нормаларын сақтауға және сенімді қарым-қатынас қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шараның практикалық бөлімі тренинг форматында өтіп, қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталып, естелікке ортақ фотосуретке түсті.

