17.06.2026
Бүгін «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжінде Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған есірткіге қарсы айлығы аясында «JETI QAZYNA» зияткерлік ойыны өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушысы және жүргізушісі Көкшетау қаласынан келген Асет Байжолов болды. Ойын студенттердің салауатты өмір салтына саналы көзқарасын қалыптастыру, зияткерлік әлеуетін және командалық өзара іс-қимылды дамыту үшін тиімді алаңға айналды.
Жарыс барысында қатысушылар эрудиция, логикалық ойлау, командада жұмыс істеу және шектеулі уақыт жағдайында шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Мұндай формат жастарға маңызды әлеуметтік құндылықтар мен идеяларды қол жетімді және қызықты түрде жеткізуге мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған профилактикалық әңгіме өткізілді.
Зияткерлік турнир қорытындысы бойынша үздік командалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.