01.06.2026
Кураторлық сағат шеңберінде ТЭ-42 тобының студенттері Халықаралық балаларды қорғау күнінің пайда болу тарихымен танысты, мерекенің символикасы, балалардың негізгі құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының ережелері туралы білді.
Күнделікті өмірдегі және Интернеттегі қауіпсіздік мәселелеріне, қауіпті жағдайлардың алдын алу әдістеріне және балалардың құқықтарын қорғауға көмектесетін ұйымдарға ерекше назар аударылды.
Іс-шара білім алушыларға әр баланың бақытты балалық шаққа, білім алуға, қорғауға және қолдауға құқығы бар екенін еске салды, ал адам құқықтарын құрметтеу баланың құқықтарын құрметтеуден басталады.