20.05.2026
Колледж фойесінде ақын, қоғам қайректкері, Халық жазушысы және Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтың туғанына 90 жыл толуына орай тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде автордың жан-жақты шығармашылығын, оның қазақстандық әдебиеттің, мәдениеттің және қоғамдық ойдың дамуына қосқан үлесін көрсететін шығармалар жинақтары, әдеби еңбектер мен ақпараттық материалдар ұсынылған.
Көрмені ұйымдастыру студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын дамытуға, олардың ой-өрісін кеңейтуге және заманауи қазақстандық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің бірінің шығармашылық мұрасымен танысуға бағытталған.