30.04.2026
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында мұғалім Е.М. Сыздықов Жақсы ауданының Запорожье және Есіл ауылдарының жалпы білім беретін мектептерінде болды.
Кездесу барысында оқушылар дайындық бағыттарымен, түсу шарттарымен және колледжде орта кәсіптік білім алу мүмкіндіктерімен танысты. Кәсіби өзін-өзі айқындау және қазіргі заманғы еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға қатысушылар үшін ақпараттық буклеттер дайындалып, колледж қызметі, оқу процесі және студенттік өмір туралы бейнеролик көрсетілді. Кездесу сынып жетекшілерінің қатысуымен өтіп, оқушылар тарапынан қызығушылық тудырды.
Кәсiптiк бағдар беру жұмысын жүргiзу бiлiм алушыларда болашақ кәсiптi және одан әрi бiлiм беру бағытын таңдауға саналы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етедi.