29.04.2026
Бүгін «Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі, Атбасар қаласының № 8 жалпы білім беретін мектебі» МКМ негізіннде Ақмола облысында инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.
Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледж атынан басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Татьяна Петровна Толкумбекова сөйледі.
Татьяна Петровна өз сөзінде «Кәсіптік бағдарлау және ЕБҚ бар білім алушылардың әлеуметтік бейімделуі: кәсіптік білім беру мүмкіндіктері» тақырыбын ашты.
Колледждің практикалық тәжірибесі ұсынылды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды сүйемелдеу бойынша жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді, сондай-ақ қолжетімді және қолдаушы білім беру ортасын құрудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара тәжірибе алмасу және инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін тиімді алаңқайға айналды.