Текст
28.04.2026
Кәсіби бағдар беру қызметі аясында В.Е.Сарнацкий және А.О.Байтугулова Сандықтау ауданының Спасское, Максимовка, Владимировка және Петровка ауылдарының жалпы білім беретін мектептерінде жұмыс жүргізді.
Іс-шара оқушыларды орта кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауды қалыптастыруға, сондай-ақ колледж мамандықтарына қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Кездесу барысында оқушыларға ақпараттық буклеттер таратылып, бейнематериал көрсетілді. Кәсіптік бағдар беру іс-шарасына 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты.