Ақмола облысы  білім басқармасының жанындағы"Атбасар ауданы,Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район" при управлении образования Акмолинской области


«    Сәуір 2026    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіби бағдар беру жұмысы

06.04.2026
Болашақ мамандықты таңдау - әрбір адамның өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Өмiр жолы, өзiн-өзi iске асыру деңгейi және кәсiби қызметтегi табыс көп жағдайда осы шешiмге байланысты. Сондықтан мектеп жылдарында өз мүдделеріңіз, қабілеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңіз туралы ойлану ерекше маңызды.
2026 жылғы 6 сәуірде оқытушы Ю.А. Гармашова мен өндірістік оқыту шебері А.Ю. Бурмистров оқушылар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу мақсатында № 1 мектепте болды.
Кездесу барысында оқушыларға колледжде оқыту жүзеге асырылатын мамандықтар туралы ақпарат берілді. Еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттарға, оқуға түсу шарттарына, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналасу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Оқытушылар оқытудың артықшылықтары, практикалық дағдыларды алу және студенттердің кәсіби байқаулар мен іс-шараларға қатысу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Біздің колледж туралы фильм көрсетілді. Оқушылар қызығушылық танытып, мамандық таңдау, оқу шарттары мен студенттік өмір туралы сұрақтар қойды.
Мұндай кездесулер оқушылардың болашақтағы кәсібін саналы түрде таңдауға және орта кәсіптік білім алуға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
 
Просмотров: 106


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст