25.11.2025
Ағымдағы жылдың 23-24 қараша күндері Шымкент қаласының Түркестен жоғары көпсалалық аграрлық коллежд негізінде Франция мемлекетінің Тулуза қаласында 2026 жылғы наурыз айында шоколатин бойынша Әлем чемпионатына қатысу үшін Орталық Азия туры өткізілді. Жарыстарға Қазақстанның, Қырғыстан мен Өзбекстанның кәсіпкер-кондитерлері қатысты. Қазақстан атынан Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларынан келген кондитер-шеберлер мен колледж шеберлері қатысты. Ақмола облысы атынан «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжінің» өндірістік оқыту шебері Тлеулес Достаевна Бабаева қатысты. Қатысушылар қатпарлы қамырдан жасалған бұйымдарды пісірді: шоколатиндер және таңдау бойынша өнім. Дайын өнімді Франциядан келген шоколатиннің аммбосадорлары – Францияның Қазақстандағы елшілігінің бас кондитері Себастьен де Куртуа, Орталық Азиядағы шоколатин бойынша бас маман Карлос Марсал, Францияның атақты шоколатьелері Томас Мюллер, Бертран Геррье, Александро Палао бағалады. Бұл іріктеу турына қатысу - бұл үлкен тәжірибе, әсер, шоколадпен жұмыс істеудің француз стандарттарымен танысу, өйткені Франция –
бұл керемет дәмді тағамның отаны.