25.11.2025
Бейіндік сыныптарды ашу жасөспірімдерді саналы кәсіби таңдауға ықпал ететін колледж пен қала мектептері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болды. Жоба басқа да сұранысқа ие мамандықтар бойынша бағыттарды кеңейте отырып, одан әрі жалғасатын болады.
«Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандығы бойынша бейіндік сынып - оқушыларды кәсіби таңдаудың бастамасы.
Жұмысшы кәсіптері жылын өткізу жоспарын жүзеге асыру аясында «Аграрлық-индустриялық колледж, Атбасар қаласы» МКҚК-да «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандығы бойынша бейінді сынып ашылды. Бастама білім алушыларды ерте кәсіптік бағдарлауға және оқушылар арасында жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған.
Бейіндік сыныптың оқушылары Атбасар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9-сынып оқушылары болды. Практикалық сабақтар бастапқы кәсіптік дағдыларды игеру үшін барлық жағдай жасалған колледж базасында өткізіледі.
Сабақтарды өндірістік оқыту шебері Надежда Петровна Симченко жүргізеді. Оның басшылығымен оқушылар тігін ісі технологиясының негіздерімен танысады, бұйымдарды модельдеу мен құрастыруда өз күштерін сынап көреді, бастапқы кәсіби шеберлік пен дағдыларды меңгереді. Сабақтар теориялық материал мен практикалық жұмысты үйлестіретін қолжетімді және қызықты нысанда өткізіледі.