25.11.2025
Колледжде заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелеріне арналған әдістемелік бірлестіктің отырысы өтті. Қатысушылар мамандар даярлаудың өзекті тәсілдерін талқылап, тиімді әдістемелік әзірлемелермен бөлісті.
Людмила Александровна Пшеничникова «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыты бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселесін, тәжірибеге бағдарланған оқытудың маңыздылығын атап өтті.
Римма Игоревна Ковалёва оқу процесін икемді, интерактивті және студенттерге қолжетімді етуге мүмкіндік беретін цифрлық құралдар мен онлайн-платформаларды ұсынды.
Тимур Айтбаевич Бралин дәнекерлеу өндірісі саласында оқыту әдістемесін жетілдіру тәжірибесімен бөлісіп, заманауи технологиялар мен өндірістік практиканы енгізу қажеттігін атап өтті.
Александр Юрьевич Бурмистров электрмен жабдықтау саласындағы педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту және оқытудың инновациялық техникалық құралдарын енгізу туралы айтты.