Ақмола облысы  білім басқармасының жанындағы"Атбасар ауданы,Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район" при управлении образования Акмолинской области


«    Қараша 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Этносаралық келісім және даулы жағдайлардың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі

21.11.2025

Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов бекіткен «Қоғамдық ортадағы  және интернет-кеңістіктегі этносаралық қақтығыстардың алдын алу жөніндегі іс-қимылдардың кешенді жоспарын» жүзеге асыру аясында 21 қараша күні «Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК этносаралық келісім және жанжалды жағдайлардың алдын алу мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Студенттер алдында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Куаныш Гибадатович Шакшаков, «Байтақ» партиясы облыстық филиалының төрағасы Асылбек Баяжума, Қазақстан Халықтары Ақмола Ассамблеясының жобаларды іске асыру және құрылымдармен жұмыс бөлімінің басшысының м.а. Тлектес Нурсеитов сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет-кеңістікті мониторингтеу жөніндегі маман Асем Мырзабекова сөз сөйледі. 

Кездесудің негізгі мақсаты – студент жастардың толерантты дүниетанымын қалыптастыру, интернет кеңістігінде араздық тілінің таралуын болдырмау, этносаралық қатынастар саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру. Әңгімелесу барысында әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ билікті басып алуға немесе конституциялық құрылысты өзгертуге насихаттағаны немесе жария түрде шақырғаны үшін жауапкершілікті көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174 және 180-баптарының нормаларын түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында спикерлер студенттерді жарияланатын ақпаратқа мұқият болуға, түрлі этностардың өкілдеріне құрметпен қарауға және елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға белсенді ықпал етуге шақырды.

 

Просмотров: 113


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст