Текст
06.11.2025
6 қарашада өндірістік оқыту шебері О.К.Бәйімбетова «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша 3-курс оқушыларымен «Бас және бет пішінінің ерекшеліктеріне байланысты шашты модельдеу, жеке бейнені таңдауда жасанды интеллект қолдану.» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Білім алушылар сұлулық индустриясы саласында қолданылатын қазіргі заманғы цифрлық технологиялармен танысып, жасанды интеллект көмегімен бет пішінін қалай анықтап, шаш алу керектігін көрсетті. Бұл үшін олар ұялы телефондарында RighHair, AirBrush қосымшаларын пайдаланып, бір-бірінің бет пішінін анықтап, шашын таңдап алды.