Текст
03.11.2025
Бүгін Атбасар қаласындағы Аграрлық-индустриялық колледжде көрнекті қазақ жазушысы Бейімбет Майлиннің шығармашылығына арналған кураторлық сағат өтті.
Іс-шара барысында білім алушылар автордың өмірімен және әдеби мұрасымен танысып, қазақ прозасының, драматургия мен журналистиканың дамуына қосқан үлесі туралы білді. Шығармалардан үзінділер оқылып, кейіпкерлердің бейнелері және олардағы қазақ халқының өмірі талқыланды.
Кураторлық сағат студенттерде әдебиетке деген қызығушылық пен елдің мәдени мұрасын құрметтеуге ықпал етті.
С.А.Касымова.