Текст
29.10.2025
Атбасар ауданының білім беру бөлімі мен Аграрлық-индустриялық колледжінің бірлескен іс-шараларын өткізу шеңберінде 2025 жылғы 29 қазанда Атбасар қаласының № 3 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары үшін кәсіптік бағдарлау іс-шаралары өткізілді.
Балаларға арналған таныстыру экскурсиясы өткізілді, оның барысында олар мамандықтар тізбесімен, оқу аудиторияларының, колледждің өндірістік шеберханалары мен оқу зертханаларының материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты, оларға жабдықтар мен оқу агрегаттарының практикалық жұмысы көрсетілді.
Мектеп оқушылары колледжге түсу, оқу мерзімі, алған біліктілігі және т.б. бойынша көптеген сұрақтарға жауап алды.