Текст
29.10.2025
«Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК-да кітаптарды еркін алмасу - буккроссингтің тұрақты аймағы жұмыс істейді. Бастама оқуды дәріптеуге, оқырмандар мәдениетін дамытуға және студенттерді әдеби ортаға тартуға бағытталған.
Кез-келген адам оқыған кітабын алып, орнына арнайы рәсімделген стендтен ала алады. Осылайша кітаптар оқырманнан оқырманға «саяхаттап», жаңа өмір мен жаңа жанкүйерлер табады.
Колледждегі буккроссинг - бұл кітап алмасу ғана емес, ол кітап оқығандарды біріктіретін достық кеңістік. Қосылыңыз!