Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы"Атбасар ауданы,Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казённое предприятие "Аграрно-индустриальный колледж, город Атбасар, Атбасарский район" при управлении образования Акмолинской области
Ағымдағы жылғы 24 мамыр күні біздің колледже осы жылдың ең әдемі шарасы «Колледж аруы» байқауы өткізілді.
Іс-шара жастардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру ұйымдастыру, тұлғаның үйлесімді дамуы, салауатты өмір салтын бекіту, рухани және дене бітімін жетілдіруге жәрдемдесу, жастардың сұлулық, зияткерлік даму туралы түсініктерін қалыптастыру, жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Әділқазылар құрамына колледж басшысы В.В.Лукин, көркемдік жетекшілер Т.А.Лямина мен З.Р.Борамбаева кірді.
«Колледж аруы» атағы үшін бес сүйкімді қыз жарысты: ЭВМ-5 тобының білім алушысы Муканова Жасмин, П-4 тобының білім алушысы Лазько Юлиана, ПУ-3 тобынан Антонова Юлия, СТ-7 тобынан Габасова Рузана, Э-2 тобынан Карпушина Лидия.
Байқаудың бірінші кезеңі дәстүрлі «визитка» болды, оның барысында қыздар өздерін таныстырды, еркін жанрда өздерінің қабілеттері, армандары мен хоббиі туралы айтып берді.
Жарыстың екінші кезеңінде қазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушалырдың мамандықтарындағы болашақтары туралы тыңдады.
Жарыстың келесі кезеңі байқауға қатысушылардың шығармашылық дарындарын анықтауға арналды.
Айта кету керек, көрермендер дауыстарды санау үшін үзіліс кезінде де көңілсіз болған жоқ, оларп үшін вокалдық және би нөмірлері орындалды. Оларға әр түрлі топтардың студенттері белсенді қатысты.