Текст
07.10.2025
«Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚА түлектері үшін «Ұлттық тестілеу орталығының» Атбасар қаласындағы филиалының басшысы Гульнар Бекмурзиевна Мейрамовамен кездесу өткізілді. ҰБТ өткізу бойынша анық ақпарат ұсынылды.
Түлектерді ҰБТ өткізу мерзімдерімен, тіркелумен және сайтта жеке кабинет құрумен, тест тапсырмаларының форматымен, пән бойынша және мамандықтар бойынша шекті балдармен, тестілеуді іске қосу және өткізу тәртібімен, тестілеуге тыйым салынған заттардың тізімімен таныстырды.
Түлектер ҰБТ бойынша қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кездесу соңында түлектерге ҰБТ-ға дайындық бойынша ұсыныстар берілді.