Текст
01.10.2025
«Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжінің» жатақханасында «Бостандық немесе дербестік?» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Оған ААКЕ психологы Г. С.Жақсалықова, СӨС кабинетінің бедбиексі В.Н.Шевченко, колледждің педагог-психологы Т В.Фёдорова, жатақхана тәрбиешісі К.К.Байкенова қатысып, қыздарға жыныстық денсаулық, инфекциялардың алдын алу, ерте жыныстық қатынастардың психологиялық салдары мәселелерін түсінуге көмектесті.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қыздар мамандарға қызықты сұрақтар қоя алды, ақпараттандыру мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын талқылады, пайдалы материалдар мен ұсыныстар алды.