29.09.2025
Атбасар қаласының Аграрлық-индустриялық колледжі мен Көкшетау қаласының «KazAgroMach зауыты» ЖШС арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы келісім аясында тараптар арасында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша әріптестік пен тәлімгерлік нығайтылады, сондай-ақ білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлауға жаңа серпін беріледі.
Зауыт Ақмола облысының ауыл шаруашылығы агрегаттары мен жабдықтарын өндіру бойынша озық технологияларды енгізуге мамандандырылған ірі кәсіпорны болып табылады.
Меморандумның мақсаты - колледж пен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ нарық талаптарына сәйкес келетін мамандар даярлау. Келісімді іске асыру студенттерге теориялық білімдерін нақты өндірістік тәжірибемен үйлестіруге, сондай-ақ мамандарды даярлау процесін жақсартуға мүмкіндік береді, Бұдан басқа, АИК-де оқитын студенттер компанияның тәжірибесі мен заманауи технологияларды игеруге мүмкіндік алады.
Бұл келісім оқытудың жаңа әдістерін енгізуге, студенттердің кәсіби дамуына және олардың өндірістік тәжірибесін арттыруға мүмкіндіктер ашады.