24.09.2025
Кәсіпорындарды нарыққа қызығушылық танытатын, жұмыс берушілер сұранысқа ие және экономиканы жаңғыртуға қатысу үшін дайындалған жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету – ұлттық маңызы бар міндет. Бұл міндетті өңірлердің экономикасы үшін жоғары білікті кадрларды даярлаудың негізгі базасы ретінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі атқарады. Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім берудің құрылу мен даму тенденциясы тарих қойнауына кетеді.
Атбасар қаласында кәсіптік-техникалық білім беру 1941 жылдан басталды, ол кезде, соғыс уақытында елде білікті теміржол кадрларына қажеттілік туындады. КСРО Министрлер Кеңесінің бұйрығымен, соғыстың басталуына және басқыншылық қаупіне байланысты орталық Ресейден Атбасар қаласына паровоз машинистерінің көмекшілерін дайындайтын ФЗУ-52 фабрикалық-зауыттық училище ауыстырылды. Бұл мамандар үлкен елдің барлық аумағында сұранысқа ие болды.
Соғыс жылдары аяқталған соң жаңа мақсаттар қойылды: елде тың көтеру науқаны басталып, белсенді түрде құрылыс саласы қыза түсті. Атбасар қаласы бұл оқиғалардың дәл ортасында болады.
Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен ФЗУ-52 атауы 1954 жылғы қазан айында АШМУ-52 (ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі) болып өзгертілді. Осы жылдан бастап училище бригадирлерді, механизаторларды, тракторшылар мене комбайншыларды дайындай бастады. 1958 жылы училищеге оқу шаруашылығын жүргізу мақсатында 30 гектар жер бөлінді. 1967 жылы оқу шаруашылығының аумағы 1320 гектарға дейін ұлғайтылды. Еңбек нарығында сұранысқы ие мамандықтардың кеңеюіне байланысты училищенің атауы бірнеше рет ауыстырылды. Осы уақытта, 1959 жылы Атбасар қаласында ҚУ-21 құрылыс училищесі ашылып, кейін 84-ҚКТУ (қалалық кәсіптік техникалық училище) болып өзгертілді,
Жылдар өте келе оқу орындарының мәртебесі өзгерді. 84-ҚКТУ атауы 9-КТУ (кәсіптік техникалық училище), «№ 9 кәсіптік лицей», ал 17-АКТУ «№11 аграрлық-техникалық колледж болып өзгертілді. ТжКБ жүйесін қайта құру нәтижесінде 2019 жылы қала аумағында орналасқан екі білім беру мекемесі «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК-ға біріктірілді. Жұмыс істеу уақыты барысында оқу орны еліміздің экономикасының әртүрлі салаларына 35000-нан астам маман дайындады.
Оқу орнының даумына үлес қосқан директорлардың аттары колледж тарихының беттеріне жазылған: Баранов К.Н., Матвиенко К.И, Белинский М.В., Радионов А.Ф., Бас З.И., Горчинский Б.И., Гаража П.В., Тихненко В.Я., Еслямова А.К., Вашкевич Н.А., Скляров Е.В., Зардиева В.А., Литвинова Г.А, Аскарова З.К.
Директорлардың жоспаларын, қойған міндеттерін жүзеге асыратын колледж ұжымы, педагогтар, өндірістік оқыту шеберлері. Олардың көпшілігі оқу орнында 30 жылдан артық еңбек етті. Олардың аттарынсыз колледж тарихы толық болмас еді. Олар – Утков М.В., Зелек М.М., Зусик Н.И., Иванченко В.К., Голкина В.М., Рябинин А.А., Дубицкий Е.В., педагогикалық еңбек ардагерлері Михель Л.А., Сокол А.А., Алай А.И., Муханова Т.Н, Королькова Н.А., Сарнацкая З.А., Трофимчик С.С., Эрнст А.И., Плахова Э.А., Алифиренко В.В., Михайлов Л.Н., Яшный В.Г. КовинскаяГ.В.Нелина Г.Л,, Пугачева В.Г., Березина Н.А,, Откульбаева Б.А., Бекенов Б.Н., Корольков В.А., Тупикин А.А., Войцеховский С.Р., Харьковская Л.П., Майорова Н.С., Рудиков В.И., Сторожук Н.А., Коробков В.Н., Скоков В.А., Афанасьева В.В., Волкова Л.И., Батов В.П.,Аубакирова А.С., Алифиренко В.В, Омарова Г.А., Минакова Т.П.,Фёдорова Т.В.
2025 жылғы қыркүйек айынан бастап құрметті демалысқа өндірістік оқыту шебері Людмила Ивановна Волкова шықты. Колледждегі еңбек өтілі 35 жылды құрайды. 1981 жылы мектеп түлегі Целиноград кооперативтік техникумына түсіп, оны «Тауартанушы» біліктілігі бойынша 1983 жылы аяқтайды. 1983 жылдан 1986 жылға дейін өндірісте қызмет атқарады. 1987 жылы директор П.В.Гаражаның талабы бойынша 9-КТУ ауысу арқылы келді. Бұл кезде «Кең ауқымды сатушы» мамандығы бойынша екінші жыл қабылдау жүріп жатқан. Училище директоры сол кезде Аудандық тұтынушылар одағының негізінде жұмыс істеп тұрған дүкенді жалға алып, білім алушылар өндірістік оқыту шеберімен бірлесіп өндірістік тәжірибеден өтті. Жұмыс кестесі үздіксіз болды. Тауарларды сатудың барлық технологиялық процесін орындай отырып, сатушылар екі топқа бөлінетін. Жұмыс істеген жылдары Людмила Ивановна өзін жоғары санатты маман, сауатты педагог, жанашыр адам, адал қызметкер ретінде көрсетті.
Оқу орнындағы жұмыс жылдары барысында Людмила Ивановна көптеген жоғары білікті мамандар дайындап шығарды. Олардың ішінде Шамиев Мовср өзінің сауда бизнесін ашса, Олеся Вильм (Энгельман) «Стетофор» сауда үйінде тауартанушы, ал Нектова Елена «Азия 17» ЖШС әкімгер болып қызмет атқарады. Сонымен қатар басқа да түлектері өз мамандықтары бойынша еңбек етуде.
Колледж өз ардагерлерімен мақтанады, баршаңызға зор денсаулық тілейді және сіздің көп жылғы еңбегіңіз үшін зор ризашылығын білдіреді.