22.09.2025
АТБАСАР ҚАЛАСЫ
«АГРАРЛЫҚ-ИНДУСТРИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МКҚК
«ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ» ІСКЕРЛІК ОЙЫННЫҢ БІРІНШІ КҮНІ
Білім алушыларды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу және сайлау мәдениетін қалыптастыру бағыттарын іске асыру шеңберінде Атбасар қаласының «Аграрлық-индустриялық колледж» МКҚК-да «Колледж Президентін сайлау» іскерлік ойыны басталды. Іс-шара Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы»»Конституциялық заңына сәйкес өткізіледі, бұл сайлауды модельдеу процесін нақты құқықтық нормаларға барынша жақындатуға мүмкіндік береді.
Ойынның бірінші күні колледж президенті лауазымына тіркелген барлық үміткерлер аумақтық комиссияға олардың кандидатурасын қолдаған студенттердің тізімін ұсынды. Мұқият тексеруден кейін комиссия берілген тізімдерді жарамды деп таныды және әрбір үміткерге белгіленген үлгідегі куәлік берілді. Аумақтық комиссия мүшелері үміткерлерге науқанның келесі кезеңдерінде сәттілік тіледі.
Ертең қатысушыларды келесі маңызды кезең — үгіт-насихат науқаны күтеді. Үміткерлер өз бағдарламаларын ұсынуды, сайлаушылармен кездесулер өткізуді және қоғамдық пікірталастарға қатысуды бастайды.
«Колледж Президентін сайлау» іскерлік ойыны жастардың құқықтық білім алуына ықпал етіп қана қоймай, белсенді азаматтық ұстанымды, көпшілік алдында сөйлеу және ұжымдық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады.