Текст
02.09.2025
Білім күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстанда Конституция күні мемлекеттік мерекесі атап өтіледі. Бірінші курс студенттері, М-5 тобында «Қазақстан Республикасының Конституциясы - елдің негізгі заңы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойында Конституцияның маңызы, мемлекет пен қоғам өміріндегі рөлі туралы түсініктер қалыптастыру, сондай-ақ заңды құрметтеу мен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу. Шара соңында студенттер «Атбасар қаласы, Аграрлық-индустриялық колледжі» МКҚК студенттерінің құқықтарымен, міндеттерімен және ережелерімен танысты.