2025 жылғы 26 ақпан күні «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Aqmola-2025 колледжішілік кәсіби шеберлік байқауының жұмыс алаңы өз жұмысын бастады.
Байқауға қатысушылар:
Голета Камила – 2-курс, П-24 тобы,
Данилова Елизавета – 2-курс, П-24 тобы,
Гусак Арина – 2024 жылғы түлек,
Афанасьева Юлия – 2024 жылғы түлек.
Бүгін қатысушылар келесі тапсырмаларды орындады:
A модулі – «Әйелдердің жиналған шаш үлгісі»,
B модулі – «Қалпақ аймағында бөлектеумен әйелдер шашын сәндеу».
Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың сарапшылары шақырылды:
Тихомирова Вера Павловна – ЖК «Тихомирова В.П.»,
Процюк Ольга Валерьевна – ЖК «Процюк О.В.».
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!