2026 жылғы 8 сәуірде Атбасар қаласындағы № 3 жалпы білім беретін мектепте 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмысы жүргізілді. Іс-шараның мақсаты оқушыларды одан әрі оқыту мүмкіндіктері мен болашақ мамандықты таңдау туралы ақпараттандыру болды. Кездесу барысында балаларға колледждің қызметі, оқуға түсу шарттары, сондай-ақ ұсынылатын мамандықтар туралы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді. Мұндай іс-шаралар болашақ мамандықты таңдауда саналы шешім қабылдауға көмектеседі.
А.Т. Балекбаев,Р.И.Ковалёва.