Атбасар қаласындағы № 4 жалпы білім беретін мектепте 9-сынып оқушыларының колледж өкілдерімен кәсіби бағдарлау кездесуі өтті. Іс-шара оқушылардың бойында болашақ мамандықты таңдауға саналы көзқарас қалыптастыруға және орта кәсіптік білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға бағытталған.
Кездесу барысында оқушылардың назарына колледж қызметінің негізгі бағыттары, білім беру процесінің ерекшеліктері мен түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру перспективалары көрсетілген бейнеролик ұсынылды. Колледж өкілдері оқушыларды іске асырылып жатқан мамандықтармен, оқуға түсу жағдайларымен, сондай-ақ оқу артықшылықтарымен таныстырды.
Іс-шара соңында білім алушыларға дайындық бағыттары мен қабылдау ережелері туралы өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық буклеттер таратылды.
Жүргізілген кәсіптік бағдарлау жұмысы оқушылардың хабардар болуын кеңейтуге және олардың кәсіптік білім алуға қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
И.С.Дубинина , А.Б.Алпысбаев.